Проблемалық берешектерді реттеу туралы қарыз алушылардың өтінішін қарау тәртібі мен мерзімдері туралы
Микрокредит беру шарты бойынша мiндеттеменi орындау кешiктiрiлген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде қарыз алушы-жеке тұлға микроқаржы ұйымына келуге және (немесе) жазбаша нысанда микрокредит беру шарты бойынша мiндеттемелердi орындаудың кешiктiрiлуiнiң себептерi, табысы және микрокредит беру шартының талаптарына өзгерiстер енгiзу туралы оның өтiнiшiн айқындайтын басқа да расталған мән-жайлар (фактілер) туралы ақпаратты қамтитын өтiнiш беруге құқылы.
Микрокредит беру шартының талаптарын өзгертуге өтінімді Алматы қ., Сәтпаева к-сі, 29/6 үй немесе info@orbis-finance.kz электрондық поштасы бойынша, қаржылық жағдайының нашарлауын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, еркін нысанда жазбаша ресімделеді.
Микроқаржы ұйымы қарыз алушы – жеке тұлғаның өтінішін алған күннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен микрокредит беру шартының талаптарына ұсынылатын өзгерістерді қарайды, ал жазбаша түрде немесе микрокредит беру шартында белгіленген тәртіппен қарыз алушыға – жеке тұлғаға:
микрокредит беру шартының талаптарына ұсынылатын өзгерістермен келісу;
олардың берешекті реттеу бойынша ұсыныстары;
бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесін көрсете отырып, микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тарту.
Қарыз алушы – жеке тұлға, микроқаржы ұйымының бас тарту себептері бойынша дәлелді негіздемесін көрсете отырып, микрокредит беру шартының талаптарын өзгертуден бас тарту туралы шешімін алған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде не өзара микрокредит беру шартының талаптарын өзгерту туралы қолайлы шешімге қол жеткізілмеген жағдайда, микроқаржы ұйымын бір мезгілде хабардар ете отырып, уәкілетті органға жүгінуге құқылы.
Қарыз алушының – жеке тұлғаның өтінішін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.